УЕФА Конференция Лигасы

"Ақтөбе" Конференция лигасында кімге қарсылас болатынын білді

"Ақтөбе" ФК

Футболдан Конференция лигасының жеребесі тартылды. Бірінші іріктеу кезеңде "Ақтөбе" Босния және Герцеговина елінің "Сараево" командасымен ойнайтын болды.

Бірінші ойынды өз алаңында өткізеді, қарымта кездесу түзде өтеді. Алғашқы матч 11 шілдеде болса, қарымта ойын 18 шілдеге жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейін "Ордабасы" мен "Тобылдың" еурокубоктағы қарсыласы анықталған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар