2024 Еуропа Чемпионаты

Құрамында Роналду бар Португалия Еурода Чехияны автогол арқасында ғана ұтты

Құрамында Роналду бар Португалия Еурода Чехияны автогол арқасында ғана ұтты
x.com/EURO2024

Құрамында Криштиану Роналду бар Португалия құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчінде Чехияны ұтты.

F тобындағы ойын Лейпцигте өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда гол соғылмады. 39-минутта симуляция үшін португалиялық Рафаэль Леау сары қағаз түрінде ескерту алды.

Екінші таймда - 62-минутта Лукаш Провод Чехия құрамасын есепте алға шығарды. Алайда 69-минутта чехиялықтардың қорғаушысы Робин Гранач өз қақпасына автогол соғып қойды.

Роналду бұл ойында негізгі құрамда шықты. Португалия құрамасында карьерасын аяқтамағаны үшін Криштиануды жанкүйрелер мен сарапшылар матч алдында сынға алғанын айта кетейік. Шабуылшы 87-минутта Диогу Жотаға нәтижелі пас берген еді, алайда төреші VAR жүйесін қарап шығып, голды есептемеді.

Басқа спорттық жаңалықтар