Теннис

Путинцева Бирмингемдегі WTA турнирінің ширек финалына өтті.

Путинцева Бирмингемдегі WTA турнирінің ширек финалына өтті.
ҚФФ

Қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында Бирмингемдегі (Ұлыбритания) WTA турнирінің ширек финалына өтті.

Путинцева ресейлік Анастасия Потаповамен бірге алғашқы айналымда чехиялық Барбора Крейчикова – ресейлік Диана Шнайдерді бір сағат 14 минутта 6:1, 10:7 есебімен ұтты. Бұл матчте Юлия мен серіктесі 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Чехиялық-ресейлік дуэт 2 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Путинцева – Потапованың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Басқа спорттық жаңалықтар