Теннис

Александр Бублик жұптық сында Галледегі ATP 500 турнирінің ширек финалына жетті

Александр Бублик жұптық сында Галледегі ATP 500 турнирінің ширек финалына жетті
ktf.kz

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Галледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші франциялық Артур Филспен бірге бастапқы кездесуін уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді. Қазақстандық-франциялық дуэт бір сағаттан астам уақытта қарсыластарын 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Бублик пен Филс 12 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Уругвайлық-чехиялық дуэт 5 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Қазқастанды пен франциялық теннисшінің ендігі қарсыластары кейін белгілі болады.

Басқа спорттық жаңалықтар