2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024: Бельгия мен Словакия матчі күтпеген нәтижемен аяқталды

Еуро-2024: Бельгия мен Словакия матчі күтпеген нәтижемен аяқталды
x.com/EURO2024

Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Е тобындағы Бельгия мен Словакия құрамалары кездесу өткізді.

Франкфурт-на-Майне қаласында өткен матчте бельгиялықтар фаворит есептелгенімен жетінші минутта-ақ қақпаларына доп өткізіп алды. Оны словакиялықтар сапынан Иван Шранц салды.

Бельгиялықтар есе қайтаруға тырысты, 58-минутта Ромелу Лукаку гол салды. Алайда түркиялық төреші Халил Мелер VAR жүйесін қарап шығып, Лукаку офсайдта болғандықтан голды есептемеді. 86-минутта бельгиялықтар екінші голды салды, тағы да Лукаку. Бірақ бұл жолы да шабуыл ережесі бұзылғандықтан гол есептелмеді.

Басқа спорттық жаңалықтар