Кәсіби бокс

Жүкембаевты жеңген Матиас чемпиондығынан айырлып қалды

Жүкембаевты жеңген Матиас чемпиондығынан айырлып қалды
allboxing

Пуэрто-Риконың Манати қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында бірінші жартылай орта салмақта IBF чемпионы Сабриэль Матиас (20-2, 20 КО) пен аустралиялық Лиам Паро (25-0, 15 КО) жұдырықтасты.

Қарсыластар қайтпай жұдырықтасты. Басымдық бірде анаған, бірде мынаған өтіп отырды. Осылай боксшылар 12 раунд бойы айқасып өтті. Жекпе-жек қортындысы бойынша қазылар жеңісті аустралиялыққа берді (екі рет 115-112 және 116-111).

Осылайша, Матиас титулынан айрылып қалды.

Еске салайық, пуэрториколық боксшы 2021 жылы Батыр Жүкембаевпен (23-1, 17 КО) жекпе-жекке шығып, қазақ боксшыны карьерасындағы жалғыз жеңілісіне ұшыратқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар