Теннис

Бейбіт Жұқаев Британиядағы Челенджердің негізгі сайысына өтті

Бейбіт Жұқаев Британиядағы Челенджердің негізгі сайысына өтті
ktf.kz

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Британияның Илкли қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.\

Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта португалиялық Жайме Фарияны ұтты - 6:3, 6:7 (5:7), 6:1). Бұл матчте Бейбіт 17 эйспен көзге түсті.

Ал іріктеу сайыстарының финалында Жұқаев бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1. Бір сағаттан астам уақытқа созылған ойын барысында қазақстандық спортшы 6 эйспен бірге 5 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Басқа спорттық жаңалықтар