ММА

Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші айқасында да жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші айқасында да жеңіске жетті
Видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) UFC-гі үшінші жекпе-жегін өткізді. Лас-Вегаста болған турнирде америкалық Хосе Джонсоннан (16-9) айласын асырды.

Асу үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Отандасымыз алғаш рет жарысты басты кардында бақ сынады. Қазақстандық спортшы бірнеше рет қылқындыру әдісімен жекпе-жекті ертерек аяқтауға тырысқан. Алайда қарсыласы әдістерге шыдап бағып, соңына дейін шайқаса білді.

Алмабаев өткен жылдың тамыз айынан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін Оди Осборн (12-7-1) және Си Джей Вергараны (12-5-1) жеңген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар