Футбол

Еуро-2024: А тобындағы екінші ойында Швейцаряи Венгрияны ұтты

Еуро-2024: А тобындағы екінші ойында Швейцаряи Венгрияны ұтты
İdman.Biz

Футболдан Еуропа чемпионатындағы Венгрия мен Швейцария құрамалары арасындағы ойын аяқталды. "А" тобындағы бұл ойында 3:1 есебімен швейцариялықтар жеңіске жетті.

Швейцария құрамасы 13-ші минутта-ақ есепте алға шықты. Квадво Дуа өзіне берілген тамаша мүмкіндікті ыңғайлы пайдаланып, есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Микаэль Эбишер командасын екі доп басымдығымен алға шығарды.

Екінші таймда мажарлық футболшылар есеп айырмасын қысқартты. 66-минутта Варнабаш Варга Ян Зоммер қақпасына гол соқты. Алайда ойын аяқталар тұста Швейцария үшінші голын соғып, маңызды 3 ұпайына қол жеткізді.

Ал "А" тобындағы бірінші ойында Германия Шотландияны 5:1 есебімен ойсырата ұтқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар