ММА

UFC-де жолы болмаған Жалғас Жұмағұлов Naiza турниріне дайындығы жайлы айтты

UFC-де жолы болмаған Жалғас Жұмағұлов Naiza турниріне дайындығы жайлы айтты

UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық Жалғас Жұмағұлов Legalbet.kz сайтына Naiza 55 турниріне дайындығы туралы айтып берді. 


"Дайындалып, жаттығып жатырмын, осында Ақтөбеде. Көп жаттығамын. Әзірге спарринг-серігім Бағдат Жұбаныш. Негізінен сонымен дайындалып жатырмын. Бұрынғы бапкеріммен ескі мектеп бойынша дағдыларымды шыңдап жатырмын", -дейді Жұмағұлов. 


Айта кетейік, Naiza 55 турнирі 2 желтоқсан Астанада өтеді. Бұл кеште 35 жастағы Жұмағұлов 30 жастағы бразилиялық Яго Рибейрамен айқасады.


Еске салайық, биыл шілдеде Жұмағұлов жеті жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жеткен Жалғас UFC ұйымынан шығып қалды. 



Басқа спорттық жаңалықтар