Теннис

Рыбакина WTA Player Awards тұжырымы бойынша жыл теннисшісі атағына үміткер

Рыбакина WTA Player Awards тұжырымы бойынша жыл теннисшісі атағына үміткер
wtatennis.com

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарында, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

WTA Player Awards – 1977 жылдан бері әйелдер теннис қауымдастығының ұйымдастырылуымен өтетін салтанатты іс-шара. Әйелдер арасындағы үздіктерді журналистердің және жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықтайды.

Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жылдың үздік теннисшісі атағына үміткер 6 спортшының қатарында. 

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде 6365 ұпаймен төртінші орында. Айте кетейік, Рыбакина WTA Finals турнирінің 1/4 ойынында белоруссиялық Арина Соболенкоға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар