ММА

Қытайлық файтер Петр Янды тағы да айқасқа шақырды

Қытайлық файтер Петр Янды тағы да айқасқа шақырды
Allboxing

Қытайлық файтер Ядонг Сонг UFC-дің ең жеңіл салмақта бұрынғы чемпионы Петр Янды тағы да жекпе-жекке шақырды. Бұған дейін Сонг Янды биыл мамырда бір рет айқасуға шақырған, деп жазады "Чемпионат". 

"Иә, мен әлі Петрмен жұдырықтасқым келеді. Ең жеңіл салмақта кімнің боксы жақсы екенін анықтайық. Маған екі рет жеңіске жету керек шығар: бірінші бір жекпе-жекте, одан кейін Янды, сол кезде титул үшін айқаса аламын", - дейді Сонг YouTube-тегі Fanatics View арнасына. 

Басқа спорттық жаңалықтар