0

Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-де бір алтын және бір күміс иеленді

Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-де бір алтын және бір күміс иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Мексиканың Гвадалахара қаласындағы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Айсамал Сансызбаева күміс жүлде жеңіп алды.

87 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айсамал Сансызбаева қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 107 келіні, ал серпе көтеруде 143 келіні еңсерді. Осылайша, Айсамал жұлқа көтеруден кіші күміс жүлдені, ал серпе көтеруде кіші алтынды иеленгенді.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153+181) келіні бағындырып 7-орын иеленді. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатында 1 алтын және1 күміс жәүлдемен аяқтап отыр. Бұған дейін Едіге Емберді алтын жеңіп алған еді.

44 елден 229 зілтемірші барған бұл жарысқа қазақстан атынна 5 спортшы қатысты.

Басқа спорттық жаңалықтар