Футбол

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында алғаш рет ұтылды

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында алғаш рет ұтылды
ҚФФ

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының үшінші тур матчінде Изарильден ұтылды.

Тельки (Венгрия) қаласында өткен кездсу 2:0 емебімен аяқталды. Израильдік бұрымды футболшылардан Мариан Авад (14-минут) және Эден Авиталь (38) гол салды. Ал қазақстандық команда Камила Құлмағамбетова алаңнан қуылғаннан кейін 81-минуттан бастап азшылықта ойнады.

Бұл Қазақстанның құрамасының алғашқы жеңілісі болды. Мадияр Кембілов жаттықтыратын команда ұш ойында төрт ұпай жинап, C4 тобында үшінші орында келеді.

Қазақастан құрамасының 26 қарашадағы келесі матчі қайтадан Израильге қарсы сол орында (Тельки) өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар