Хоккей

"Барыс" ҚХЛ-де жеңіліс сериясын үзді

"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын ұтып, жеңіліс сериясын үзді.

Астанада өткен кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Айдын қожайындарынан Руслан Оспанов (12-минут), Нельсон Ножье (33) және Кирилл Савицкий (56) гол салды.

Ал ресейләк команданы Андрей Ал. Белозеров (8 және 40-минутта) дубль жасады, ал Александр Дергачев (58-минута) бір гол соқты.

Овертаймда "Барыстың" жолы болды - 4:3. Шешуші голды Понтус Оберг салды (62).

Басқа спорттық жаңалықтар