ММА

Дастин Порье чемпиондыққа тағы таласып көрмек

Дастин Порье чемпиондыққа тағы таласып көрмек
RingSide24

UFC-дің жеңіл салмақта экс чемпионы Дастин Порье титул үшін таласқа қайта түспек, деп жазады sports.ru. 

«UFC 300 турнирінде айқассам тамаша болар еді. UFC 200 турнирінде өнер көрсетпедім, ал UFC 400 жарысында болмайтын шығармын. Сондықтан 300-ші турнир – менің резюмем үшін тамаша болар еді.

UFC өкілдерімен сөйлестім, олармен ойымыз бір жерден шыққан сияқты. Егер қарсылас тапсақ, жекпе-жек болады.

Менің бар тілегім – үлкен жекпе-жек, мені титулды айқасқа шығаратын айқас. Мені ынталандыратын кездесу», – дейді Порье.

Басқа спорттық жаңалықтар