ММА

Чимаев жартылай ауыр салмақтағы файтермен жекпе-жектен бас тартты

Чимаев жартылай ауыр салмақтағы файтермен жекпе-жектен бас тартты
Sport24

Хамзат Чимаев өзін жекпе-жекке шақырған Иржи Прохазканың ұсынысынан бас тартты, деп жазады sports.ru. 

Чехиялық файтер жартылай ауыр салмқата екенін айта кетейік, ал Чимаев бірінші орта салмақтан орта дивизионға жақында ғана өткен болатын. 

"Сен жеңіліп қалдың ғой, ал маған белбеу керек", - деп жазыпты Чимаев әлеуметтік желіде. 

Еске салайық, Прохазка мен Алекс Перейра UFC 295 турнирінде титулға айқасқан болатын, бұл кездесуде Иржи екінші раундта нокаутқа түсті.

Ал Чимаев жуырда UFC басшысынан Перейрамен жекпе-жек сұрады. 

Басқа спорттық жаңалықтар