ММА

Хабиб Ислам Махачев осындай биікке қалай жеткенін айтты

Хабиб Ислам Махачев осындай биікке қалай жеткенін айтты

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы дағыстандық Хабиб Нурмагомедов отандасы Ислам Махачевті әйгілі промоушендегі ең мықты файтер деп атады. 


"Тәртіп, ауыр еңбек пен шыдамдылық - мұның бәрі Ислам Махачев туралы. Қазіргі таңда ол бұл ойында ең мықты. Алла сені қорғап жүрсін, Бауырым", - деп жазыпты Хабиб Instagram желісіндегі стористе. 


Еске салайық, өткен демалыстағы Абу-Дабиде ұйымдастырылған UFC 294 турнирінде Махачев аустралиялық Александр Волкановскимен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұл 31 жастағы дағыстандықтың чемпиондығын екінші рет қорғауы болды. 

Басқа спорттық жаңалықтар