Бокс
Атақты Тайсон Усик пен Фьюри айқасына болжамын айтты

internewscast.com
Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон суперауыр салмақтағы Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы абсолют чемпион үшін айқасқа қатысты болжамын айтты.
"Бізде бұлтты күндер болады. Ол Фьюри үшін қара бұлт үйірілген күн болады. Бірақ мен бәрібір Тайсон жеңеді деп ойлаймын. Меніңше, ол әлемдегі ең мықты боксшы, әсіресе суперауыр салмақта. Ұлы боксшылар жеңіледі, олар нашар көрініп жатады. Бірақ одан кейін олар ұлылығынан айырылып қалмайды", - дейді Тайсон Fighthub-қа берген сұхбатында.