Бокс

Головкинмен бірге жаттыққан Гассиев желкесіне операция жасатты

Головкинмен бірге жаттыққан Гассиев желкесіне операция жасатты
Karate.ru

Мурат Гассиев операция жасатып бірнеше апта жаттыға алмайды, деп жазады sports.ru

«Мурат мойнына операция жасатты. Ол жаттығуын қаңтар айында бастайды», – деп хабарлайды ТАСС Мурат Гассиевтің командасындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Гассиев кейінгі рет 2023 жылы қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша Отто Валлиннен жеңілді.

Айта кетейік, Мурат орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жақсы қарым-қатынаста. Екі боксшы да бір кездері Абель Санчестің қол астында жаттыққан. 

Басқа спорттық жаңалықтар