Футбол

Қазақстандық футболшы Словениямен матчтен кейін марапатталды

Қазақстандық футболшы Словениямен матчтен кейін марапатталды
ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Словенияға қарсы ойында үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оразов Қазақстанның матчтағы жалғыз голын соқты. Рамазанның марапатқа ие болған суреті ҚФФ-ның ресми Instagram желісінде жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке іріктеу тобынан тікелей жолдама ала алмай, шешуші іріктеу матчында Словениядан жеңіліп (1:2) қалды.

Магомед Адиев шәкірттері Ұлттар лигасында Грекиямен ойнайды. Матч 21 наурызда өтеді. Параллельді жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар