ММА
Чимаев UFC-дің орта салмақ рейтингінде төмендеді

UFC
Хамзат Чимаев UFC-дің орта салмақтағы рейтингінде 8-орыннан түсіп қалды, деп хабарлайды sports.ru.
UFC-дің орта дивизионындағы жаңартылған рейтингінде 8-орынға Брендан Аллен көтерілді, ол UFC Fight Night 232 турнирінде Пол Крейгті қылқындыру әдісімен жеңді. Бұған дейін Аллен 10-сатыда болатын.
Камару Усманды жеңгеннен кейін UFC-дің орта салмақ рейтиінгінде бірден топ-10 тізімге кірген Хамзат Чимаев 9-орынға түсті.