Теннис

Құламбаева жұптық сында Үндістандағы турнирдің ширек финалына өтті

Құламбаева жұптық сында Үндістандағы турнирдің ширек финалына өтті
ktf.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Бангалорда қаласындағы ITF W25 турнирінің ширек финалына өтті. 

Құламбаева мен үндістандық Рутужа Босейл жұбы алғашқы кездесуін жергілікті теннисшілер Аканкша Ниттур – Нидитра Раджмоханмен өткізді. Бұл матчті Жібек пен үндістандық серігі 6:1, 6:0 есебімен ұтты.

Енді Құламбаева – Босейл жартылай финалға жоладама үшін тағы бір үндістандық дуэтке қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Жібек аталмыш турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.

Басқа спорттық жаңалықтар