ММА

Жұмағұловтың Naiza 55 турниріндегі қарсыласы ауысты

Жұмағұловтың Naiza 55 турниріндегі қарсыласы ауысты
instagram/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың Naiza 55 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды лиганың баспасөз қызметі. 

Бастапқыда Жако бразилиялық Яго Рибейромен жұдырықтасу керек еді. Алайда ол көзіне операция жасатыпты. Енді оның орнын жапониялық Масато Накамура басады. 

Накамура карьерасының көп бөлігін жапониялық DEEP лигасында өткізген екен. 2023 жылды ол қатарынан үш жеңіс сериясымен өткізіп келеді, оның екеуі нокаутпен. Ал Жұмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, бірінде ғана жеңіске жетті. 

Naiza 55 турнирі 6 желтоқсан Астанад өтеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар