Футбол

Футболдан Қазақстанның әйелдер командасы Ұлттар лигасына қатысатын құрамды жариялады

Футболдан Қазақстанның әйелдер командасы Ұлттар лигасына қатысатын құрамды жариялады
Sports.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өтетін матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.


Айта кетейік, Израиль құрамасымен ойындар бейтарап алаңда өтеді – қос кездесуді Мажарстанның Тельки қаласындағы «Глобалль» стадионы қабылдайды. Ал Эстония және Армениямен өтетін матчтар «Астана Аренада» жоспарланған.


Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады:


Қақпашылар: Ангелина Портнова («Оқжетпес»), Анастасия Хохлова («Локомотив», Ресей), Арина Орел («Ақсу»);


Қорғаушылар: Айгерім Айтымова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Мария Демидова (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Айша Садықова, Камила Совет (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Назым Алданазар («Қайрат»);


Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Камила Кұлмағамбетова («Ворскла», Украина), Әселхан Тұрлыбекова, Карина Жұмабайқызы, Фатима Сатығалиева, Алина Лозукова, Ксенья Хайрулина (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Әсем Қаражанова, Анастасия Низамутдинова (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Карина Берікова, Адина Ізімбаева, Эльмира Абдулаева (барлығы – «Қайрат»);


Шабуылшылар: Анель Мақсат («Қайрат»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Анеля Мамырова («Томирис-Тұран»);


Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Мұрат Қаламбеков – дене даярлығы жаттықтырушы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Максим Дудкин – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Хайдар Кубейов – әкімші, Данияр Анес – менеджер.

Басқа спорттық жаңалықтар