Теннис
Рыбакинаның бапкері жыл марапатына ұсынылды

instagram.com/stefanovukov
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) маусым қорытындысы бойынша берілетін "Жыл бапкері" жүлдесінің лауреаттарын атады.
Бұл тізімге Стефано Вуков - Елена Рыбакинаның да бапкері кіріпті. Хорватиялық маман қазақстандық теннисшімен 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы маусымды Рыбакина WTA рейтингінде 21-орында бастаған, ал соңында төртінші орынға көтерілді.
Тізімде Брэд Гилберт/Пере Риба, Томаш Викторовский, Антон Дубров, Эмиль Миске, Раймон Слюйтер сияқты бапкерлер бар.