ММА
Дана Уайт қай спортшының UFC-ден кетуі өзіне ауыр тигенін айтты
"СЭ"
UFC басшысы Дана Уайт жеңіл салмақта чемпион болған Хабиб Нурмагомедовтың ұйымнан кетуіне қатысты ойын айтты "Спорт Экспресс".
Тео Фон сұхбат кезінде Уайттан қай файтердің UFC-ден кетуі оған ауыр тигенін сұрады.
"Мен үшін Хабибтің кеткені қиын болды. Ол көп дүние көрсете алар еді. Оның әкесі қайтыс болғанда оның жекпе-жектерден алатын ләззәті болмай қалды да, сонымен бәрі біткен еді", - дейді Уайт.