Теннис
Джокович ATP финалдық турнирін екінші жыл қатар жеңіп отыр
ATP
Сербиялық теннисші Новак Джокович ATP 2023 финалдық турнирінде италиялық Янник Синнерді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джокович италиялық теннисшіні 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды. Новак финалдық турнирді екінші маусым қатарынан жеңіп алды. 2022 жылы ол Каспер Рудты (2:0) жеңді.
Айта кетейік, Джокович өз мансабында 7-рет ATP финалында жеңіске жетті, бұл абсолютті рекорд. Швейцариялық Роджер Федерердің атында осындай 6 атақ бар.