ММА

Махачевпен келесі мен айқасу керекпін - Хабибтің соңғы қарсыласы

Махачевпен келесі мен айқасу керекпін - Хабибтің соңғы қарсыласы

UFC-де өнер көрсететін америкалық файтер Джастин Геджи жеңіл салмақта ұйым чемпионы Ислам Махачевтің келесі қарсыласу болуы керектігін айтады. Бұл туралы спортшының өзі ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. 


Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінде Махчев аутралиялық  Александр Волкановскиді екінші рет жеңді. Осы жолы бірінші раундта нокаутқа түсірді. 


"Махачевтің келесі қарсыласы мен болуым керек. Мұнда талқылайтын да ештеңе жоқ", - дейді Геджи. 


Айта кетейік, 34 жастағы Джастин ММА-де 25 жеңіске жетіп, 4 мәрте есе жіберген. Ол UFC чемпионы болған Хабиб Нурмагомедовтың соңғы қарсыласы еді. Екі файтер 2020 жылы жұдырықтасып, Хабиб карьерасын жеңілмеген күйі аяқтады. 


31 жастағы Махачев болса карьерасында 25 рет жеңіп, тек бір рет жеңілген екен.

Басқа спорттық жаңалықтар