Бокс

Усик Фьюримен алдағы жекпе-жек пен жаттығу лагері жайлы айтып берді

Усик Фьюримен алдағы жекпе-жек пен жаттығу лагері жайлы айтып берді
"СЭ"

Суперауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Усик британиялық Тайсон Фьюримен алдағы жекпе-жегі туралы ойын айтты, деп хабарлайды sports.ru. 

"Тайсон Фьюриді боксшы және адам ретінде сыйлаймын, одан артық емес. Мен туралы қандай ойда екені маңызды емес. 

Фьюри туралы ойлап жүрген жоқпын. Алда өте ауыр жаттығу лагері. Жекпе-жек туралы ойламаймын, бар назарым дайындықта. Жүзу, жүгіру және басқасы, лагерде не істуім керегі жайлы ғана ойлаймын. 

Ал мен оның басындамын. Мен ол жерде ән шырқап, билеп жүрмін-ау", - дейді Усик. 

Усик-Фьюри жекпе-жегі 17 ақпан Сауд Арабиясында өтеді. Бұл айқас жеңімпазы абсолют чемпион атанады. 

Басқа спорттық жаңалықтар