ХК "Барыс"

Бұған дейін 22 рет ұтқан. Бүгін "Барыс" ҚХЛ-де ресейлік "Торпедомен" ойнайды

Бұған дейін 22 рет ұтқан. Бүгін
"Барыс" ХК

Бүгін, 20 қарашада астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Нижний Новгордтың «Торпедосымен» ойнайды.  


Астанада өтетін кездесу 22:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей көрсетеді.


Айта кетейік, осыған дейін екі команда өзара 39 матч өткізген екен. Оның 22 ретінде астаналық команда ұтса, 17 рет ресейліктер басым болыпты. 


ҚХЛ турнир кестесінде «Барыс» 33 ойыннан кейін 25 ұпаймен  Шығыс конференциясында 11-орында. Aл «Торпедо» 32 матч қорытындысы бойынша 40 баллмен "Батыста" 7-орында тұр.


"Барыс" биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді, астаналықтар ҚХЛ-дегі кейінгі 10 ойынның үшеуінде ғана ұтты.

Басқа спорттық жаңалықтар