Футбол

Бүгін Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде соңғы матчін өткізеді

Бүгін Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде соңғы матчін өткізеді
ҚФФ

Бүгін түнде Еуро-2024 турниріне іріктеудің оныншы турында Словения мен Қазақстан құрамалары соңғы матчтерін өткізеді.


Словения астанасы Любляна қаласында өтетін кездесу Астана уақытымен 01:45-те басталады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, матчтің интернет-трансляциясын телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.


Қазіргі таңда Словения құрамасы 19 ұпаймен Н тобында екінші тұр, ал Қазақстан 18 баллмен словениялықтарды өкшелеп келеді. Бұл топта бірінші орындағы Дания 22 ұпаймен Еуроның финалына жолдама алып қойды. Еуро-2024 турнирінің келесі кезеңіне әр топтан тек алғашқы екі команда шығады.

Басқа спорттық жаңалықтар