Теннис

Қазақстанның жас теннисшілері Таиландтағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстанның жас теннисшілері Таиландтағы турнирде жеңімпаз атанды
olympic.kz

Таиландтағы Нонтхабури қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы ITF Juniors J300 THAILAND ITF JUNIORS CHAMPIONSHIP B1 турнирі мәресіне жетті. Жарыста қазақстандықтар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.


Әмір Омарханов (99 ITF Juniors) финалда сингапурлық Билл Чаномды (235 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 6:1 есебімен ұтып, чемпиондық атақты жеңіп алды.



Қыздар арасында жұптық сында соңғы бәсекеде қазақстандықтар бас жүлдені өзара сарапқа салды. Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай тартысты матчта Мәлика Әмірғалиева – Альбина Кәкеновадан 6:7, 7:5, 10:5 есебімен басым түсті. Бозбалалар арасында Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин финалда жарыстың 1-ракеткалары, үндістандық Ариан Шах – қытайлық Тинх Джангқа жол берді – 4:6, 6:3, 6:10.

Басқа спорттық жаңалықтар