Бокс

Әлімханұлына британиялық боксшымен айқас ұсынылды

Әлімханұлына британиялық боксшымен айқас ұсынылды
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) британиялық Нэтан Хинимен (18-0, 6 КО) жекпе-жек ұсынылды.


Твиттер желісінде бокс туралы жазатын белгілі Boxing Waffle аккаунты осы жекпе-жекті Сток-он-Трентте (Англия) - Хинидің туған қаласында өткізуді ұсынды. Ал британиялықтар бұл ұсынысқа бірден қолдау білдіре бастады. 


Айта кетейік, Нэтан Хинни өткен демалыс Манчестерде болған Жәнібектің бұрынғы қарсыласы Дензел Бентлиді (18-3-1, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта Британия чемпионы атанды.


Ал осыған дейін промоутер Фрэнк Уоррен, егер Бентлиді жеңетін болса, Хиниге әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек ұйымдастырып беруді уәде еткен.

Басқа спорттық жаңалықтар