Футбол
Испания Еуро іріктеуін топта бірінші орынмен аяқтады

AFP
Испания 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің соңғы турында Грузия құрамасын ұтты.
Вальядолидадағы "Хосе Соррилья" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Робин ле Норман (4-минут), Ферран Торрес гол салды (55). Ал үшінші доп Лука Лочошивилидің автоголынан болды (72-минут). Грузиялықтар сапынан Хвича Кварацхелия бір гол соқты (10-минут).
Осылайша, Испания 21 ұпай жинап, іріктеуді бірінші орында аяқтады. Сонымен қоса, А тобынан 17 ұпай жинаған Шотландия екінші орыннан Еуроның келесі кезеңіне өтті. Ал Грузия 8 баллмен топта тек төртінші.