Футбол

Португалия Еуро-2024 іріктеуін максималды ұпаймен аяқтады

Португалия Еуро-2024 іріктеуін максималды ұпаймен аяқтады
Football-Fun-Live.com

Португалия Еуро-2024 турниріне іріктеудің оныншы турында Исландия құрамасын ұтты. 


Лиссабонда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Бруну Фернандеш (37-минут) пен Рикарду Орта (66) бір голдан салды, Ортаға Криштиану Роналду ассист жасады.


Осы жеңіс арқасында Португалия іріктеуді максималды - 30 ұпаймен аяқтады. Исландия 10 баллмен төртінші орында. 


Футболдан Еуропа чемпионатының 17-ші ойнатылымы 2024 жылы 14 маусым мен 14 шілде аралығы Германияда өтеді. Турнирдің топтық кезеңінде 24 команда ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар