Бокс

Жеңіліп көрмеген "Қазақтың Сұлтаны" келесі жекпе-жегінің уақытын айтты

Жеңіліп көрмеген


Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (15-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады.


Боксшының әлеуметтік желідегі жазбасына қарағанда келесі айқасты ол 10 қараша Британияның Брайтон қаласындағы Brighton Centre шаршы алаңында өткізбек. Қарсылас есімі әзірге белгісіз. 


"Ал тағы шулатамыз ба? 10-қараша QAZAQ KING ", - деп жазапты жеңіліп көрмеген боксшы Instagram желісінде. 


Сұлтан кейінгі жекпе-жегін 21 шілде Шотландия астанасы Эдинбургте өткізіп, үшінші раундта бұрын жеңілмеген, "Дауыл" лақап атты испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірді. Осы жеңіс арқасында өз дивизионында екінші деңгейлі WBO European белбеуін жеңіп алды. 

Басқа спорттық жаңалықтар