0

Қазақстан Азия пара ойындарында алғашқы жүлделерін иеленді

Қазақстан Азия пара ойындарында алғашқы жүлделерін иеленді

Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алғашқы жүлделер жеңіп алды. Қазіргі таңда ел ұлттық коиманеда сапынан үш спортшы қоржынға жүлде салды. 


Осылайша, Жаңыл Балтабаева пара каноэдегі VL3 200 жекелей сынында үшінші болды. Ерлер арасында Бибарыс Спатай осы пара каноэде күміс иеленді. Тағы бір пара каноэші Максим Богатырев өз санатында үшінші келіп, қола жеңіп алды. 


22 мен 28 қазан аралығы өтетін бұл жарысқа Азияның 43 елінен 4000 спортшы келген. Қазақстан атынан Қытай елінде өтіп жатқан додаға 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысып жатыр.

Басқа спорттық жаңалықтар