Футбол

А сериясы: "Милан" азшылықта "Ювентуске" есе жіберді

А сериясы:

"Ювентус" футболдан Италия чемпионатының (А сериясы) оныншы турында "Милан" командасын ұтты. 


Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионнында өткен кездесу 0:1 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Матчтегі шешуші жалғыз голды Мануэль Локателли 63-минутта салды. 


Айта кетейік, 40-минутта Малик Тиава алаңнан қуылып, матч соңына дейін миландықтар азшылықта ойнады. 


Бұл матчтен кейін "Милан" (21 ұпаймен) турнир кестесінде екінші тұр, ал "Ювентус" (20 балл) бір саты төмен.


28 қазанда өтетін келесі турда "Ювентус" өз алаңында "Веронамен", ал келесі күні "Милан" сырт алаңда "Наполимен" ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар