Кәсіби бокс

Раундтың соңғы секундында. Бокс кешінің басты айқасы бір соққымен аяқталды

Раундтың соңғы секундында. Бокс кешінің басты айқасы бір соққымен аяқталды
Видеодан скрин

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында ProBox TV ұйымдастырған бокс кешінде мексикалық Владимир Эрнандес (15-6, 7 КО) пен аргентиналық Гуидо Шрамм (16-3-2, 9 КО) жекпе-жек өткізді.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Алайда бұл айқас алтыншы раунд аяқталуға бір секунд қалғанда - 2:59-да болды.

Эрнандес қарсыласын сол жақтан қысқа хукті дәл тигізді, соққыдан аргентиналық бетімен құлады. Ол аяғына тұруға тырысты, алайда шамасы келмеді.


Басқа спорттық жаңалықтар