Футбол

Месси әлемдегі ең мықты команданы атады

Месси әлемдегі ең мықты команданы атады

Аргентиналық футболшы Лионель Месси ең үздік командаларға қатысты сұраққа жауап берді. Ол қазіргі таңда "корольдік клуб" пен Пеп Гвардиола шәкірттерін үздік санайды.

"Егер нәтижесіне қарай айтатын болсам, үздік команда – "Реал", ал ойын мәнері бойынша өзіме ұнайтыны Гвардиола жаттықтыратын – "Манчестер Сити", - дейді Месси infobae басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен маусымда "Реал" Чемпиондар лигасын ұтса, "Манчестер Сити" төртінші жыл қатарынан Англия чемпионы атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар